Басты бет » Жаңалықтар » Ерке Есмахан: «Екі туған күнді де тойламаймыз»

Ерке Есмахан: «Екі туған күнді де тойламаймыз»

Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында өзі мен ұлының туған күнін тойламайтынын жазды, деп хабарлайды Jastar janary.«Қарашаның 23-і – Исламның туған күні. Ал 30-ы – менің туған күнім. Екі туған күнді де тойламаймыз. Өзіміз үйде боламыз. Бәрін қосып үлкен той жазда деп отырмыз. Алла бұйыртса. Туған күндер, қоныс той, тұсаукесер, сүндет той, бәрі жазда. Бұйыртса той года болады. Туған күнімді тойламайтын болған соң, күйеуім қалағаныңды әперем деді. Сөйтіп ол 1 ай концертіне дайындалған кезде, мен 1 ай бойы өзіме подарка алумен болдым. Тапқанымды Алматыдан алдым, таппағанымды шет елден алдырдым. Сонымен, бұл соңы емес-ау деп отырмын осылай. Туған күнге әлі 15 күн бар. Әлде де толықтырып алайын, сосын бәрін ашып көрсетемін. Жұғысты болсын», – деп жазды Ерке Есмахан.