10-13 қараша күндері шетелдегі қазақтардың кіші құрылтайы алғаш рет Малайзияның Куала-Лумпур қаласында өтеді, «Отандастар қоры» хабарлайды.
Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде тұратын қазақтардың басын қосатын аталмыш шара мәдениет пен экономика тақырыптарына арналған мазмұнды пікірталастар алаңы болмақ. Бұл шара шетелдегі қазақтардың бірлігі мен ынтымағын нығайтып қана қоймай, ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға және жаңа буын өкілдеріне жеткізуге бағытталған.
Құрылтайда ұлттық өнер мен мұраларды насихаттау, салт-дәстүрлерді сақтау және мәдени байланыстарды нығайту мәселелері талқыланады. Сонымен қатар, қазақ диаспорасы өкілдері экономикалық жетістіктерін ортаға салып, ынтымақтастықтың жаңа жолдарын іздейді.
Іс-шара барысында мәдени-танымдық шаралар және экономика саласындағы заманауи трендтерге арналған панельдік сессиялар мен пікірталастар өткізіледі.