Басты бет » Жаңалықтар » «Тәуелсіздік ұрпақтары»: Нұрлан Бейімбет IT жобасын жүзеге асыра бастады

«Тәуелсіздік ұрпақтары»: Нұрлан Бейімбет IT жобасын жүзеге асыра бастады

Былтыр алматылық Нұрлан Бейімбет «Ақпараттық технологиялар» бағыты бойынша «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын жеңіп алған болатын.


Мемлекеттік қолдаудың арқасында ол пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға және денсаулық сақтаудағы шығындарды азайтуға бағытталған өзінің IT жобасын жүзеге асыра алды.
Бұл – созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, артериялық гипертензия, қант диабеті сияқты диагноздары бар диспансерлік есептегі науқастарға арналған qMed платформасы. Олар күніне екі рет сауалнамадан өтеді, нәтижесіне сай бағдарлама олардың денсаулық жағдайын анықтайды. Егер қалыпты жағдайдан сәл өзгеріс болса, науқас онлайн тағайындамалар алады. Егер қауіп-қатер жоғары болса, бұл туралы учаскелік дәрігерге хабарланады.
Бұл алгоритм Денсаулық сақтау министрлігінің тұжырымдамасы шеңберінде әзірленді. Жоба Алматыдағы екі медициналық мекемеде сәтті жүзеге асырылды. Жақында оны Астана емханаларының бірінде де қолдады. Платформаны барлығы 1000-нан астам науқас пайдаланады.
Нұрлан Бейімбет пайдаланушылардың географиясы мен платформаның функциясын кеңейтуді жоспарлайды. Тар ауқымды дәрігерлердің, психологтың, әлеуметтік қызметкердің, сондай-ақ салауатты тамақтану мектебінің қызметтері қолжетімді болады.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігімен «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын 2021 жылдан бастап, Мемлекет басшысының бастамасы бойынша дарынды жастарды мемлекеттік қолдау мақсатында тағайындалады.