Қазақ халқы мәдениетке және алуан түрлі дәстүрлерге бай халық. Мен өзім туып өскен жерімде, шаңырағымда ата-баба дәстүрін ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып келе жатқан өзіндік ерекшеліктер мен салт-дәстүрлерді мықтап ұстанады.
Мен Жұбан ақынның кіндік қаны тамған ауылда туып-өстім. Ес біліп, әріп танығалы үлкен атаммен бірге кітапханаға барып кітап оқығанды жақсы көремін. Себебі үйде үлкен атам маған қазақы ертегілерді оқып беретін. Атамның айтуы бойынша кітап оқыған адамның сана сенімі берік, ойын ашық жеткізе алатын, ой-санасы жетік, өз пікірін еркін айта алатын тұлға болып қалыптастады. Шаңырағымызда кітап оқу құндылығы жақсы сақталған.
Менің ойымша, кітап – адамзаттың ең жақын досы және ақылшысы, даналық пен білімнің қайнар көзі. Адам өзінің ойлау қабілетімен, рухани дүниесімен өмір сүргендіктен, әр отбасы менің отбасым секілді кітап оқуға көңіл бөлу қажет.
«Кітапсыз өтілген бір күн, орны толмай бос кеткен күн» демекші, кітаппен дос болу керек.