Жаңалықтар 23.10.2024 Комментарии к записи Петропавлда креативті хаб ашылды отключены 189 рет оқылды
Орталық жастардың шығармашылық идеяларын қалыптастыру, креативті жобаларды іске асыру және коммерцияландыру алаңына айналады. ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов «Qyzyljar Creative Center» өңірдің мәдени және экономикалық дамуында маңызды орталық болатынына сенім білдірді.
«Креативті хаб болашақта халықаралық аренада аймақтың ғана емес, бүкіл республикамызды танытатын жаңа есімдердің шығуына серпін береді деп үміттенеміз. Солтүстік Қазақстан облысының креативті орталығы бірыңғай инфрақұрылымы бар, қолдау мен көмек құралдары ортақ республикалық экожүйенің бір бөлігіне айналады», – деді Евгений Кочетов.
Креативті орталық Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық қазақ музыкалық-драма театрының базасында ұйымдастырылды. Ғимарат тарихи құндылығын сақтай отырып, қайта құрылды.
«Креативті индустрия – Қордың әлеуметтік саладағы басым бағыттарының бірі. Өйткені біз IT және заманауи дизайн сияқты маңызды салаларда дарынды жастарға қолдау білдіру маңызды екенін түсінеміз», – деді «Samruk-Kazyna Trust» КҚ бас директоры Альфия Әдиева.
Орталықтың 2 мың шаршы метрі 9 тақырыптық аймаққа бөлінді. Qyzyljar Creative Center-дің негізгі бағыттары цифрлық және ақпараттық технологиялар, медиа және диджитал, контент жасау, сән индустриясы, хореография және білім беру сияқты салалар болады. Мұнда креаторлар үшін барлық қажетті цифрлы және шығармашылыққа арналған жағдай жасалды.
Орталықтың ашылуы аясында аймақтағы креаторлармен алғашқы кездесу өтті. Оларға сала өкілдерін мемлекеттік қолдау шаралары және индустрияны дамыту жоспарлары туралы айтылды.
Айта кетейік, республика бойынша 9 креативті хаб жұмыс істеуде. Алдағы уақытта еліміздің барлық облыс орталықтары мен мегаполистерінде ашылатын болады.
ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігімен № KZ04VPY00015089 куәлігі берілген Меншік иесі: «Әсемай» жеке кәсіпкерлігі Электронды пошта: zhas-zhanar@mail.ru Сайт материалдары қолданылса сілтеме көрсету міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтары сақталады. Автор пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін.