Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев әлеуметтік желідегі парақшасында ата-аналарға үндеу жасады, деп хабарлайды Jastar Janary.
Фото: vedomosti.ru
«Дабыл!!!
Ата-аналарға үндеу. Ай өткен сайын төрт аяқты адамдар қатары көбейіп барады. Иә, олар мысыққа, итке, қасқыр, сілеусінге еліктеп солардың күйін кешуде (мяулайды, үреді, ұлиды). Тіпті, тамағын жейді. Шетелдерде төрт аяқты хайуанға еліктегендердің адамдарды тістеген, тырнаған әрекеттері тіркелген. Осылайша, адамдар адамшылдыққа емес, нағыз айуандыққа қадам басып жатыр. Бұл бір жұқпалы аурудай. Әсіресе, жасөспірімдер бір-бірінен көріп еліктеуде. Ата-аналарға дабыл қағып жатқаным да осыдан. Бұл – субмәдениет. Бұның артында өзге күштердің үлкен бизнесі тұр!!!
Сақ болыңыздар! Квадроберлердің әрекетін біздің органдар мұқият зерттеу керек. Керек десеңіздер, біз тараптан (Парламент) арнайы заң шығаруға да дайынбыз», – деп жазды Дәулет Мұқаев.
Депутаттың ата-аналарға жасаған үндеуіне желі қолданушылары пікір қалдыруда.
«Құдайдың қаhарына ұшырағандар. Бізден аулақ кет. Тез арада заң керек шығар. Заң, жамағат өз ұрпағымызды өзіміз қорғайық. Ата-аналар мына көрініске бей жәй қарамаңыздар беті аулақ», «Өзбекстан ата-аналарына штраф салып жатыр екен балаларының осындай тірліктеріне. Біздің ел тасбақа сияқты немесе ұлу сияқты. Жыным келеді. Соңында қайғылы жағдай болмайынша қимылдамайдығой шіркін», «Адам болудан шаршап кеткен бе сонда неше түрліні естейтін болдық қой Алла сақтасын» деген пікірлер көп.