Басты бет » Жастар үні » 5000-нан астам алматылық шет тілдерін тегін үйреніп жатыр

5000-нан астам алматылық шет тілдерін тегін үйреніп жатыр

Алматыда «Тілдер паркі» жобасы сәтті жүзеге асуда. 5000-нан астам қала тұрғыны ашық аспан астында қазақ және шет тілдерін тегін үйреніп жатыр, деп хабарлайды Алматы әкімдігінің ресми арнасы.

Жастар саясаты басқармасының қолдауымен өткізілген жоба қаланың барлық ауданын қамтиды.
6 жастан 60 жасқа дейінгі жандарға арналған курс аптасына 3 рет өткізіледі. Мұнда ағылшын, қытай, корей, жапон, француз, түрік, орыс және әрине, қазақ тілі үйретіледі. Курсты аяқтаған соң сертификат беріледі!
Күзгі-қысқы кезеңге өтуге байланысты сабақтар комьюнити орталықтарда өтеді.