Басты бет » Жаңалықтар » Мемлекеттік өнер музейінде Айжан Бекқұлованың жеке көрмесі ашылды

Мемлекеттік өнер музейінде Айжан Бекқұлованың жеке көрмесі ашылды

Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде белгілі қазақстандық суретші, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Қолөнершілер одағының төрағасы Айжан Бекқұлованың 70 жылдық мерейтойына арналған «Тамаша адамдар өмірі» атты жеке көрмесі ашылды.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, көрмеде Айжан Бекқұлованың 1990 жылдардан бастап қазіргі уақытқа дейін жасаған жүзден астам туындысы ұсынылған.


Ретроспективалық экспозицияда тоқыма, киіз басу, қасиетті қуыршақтар, зергерлік әшекейлер, этникалық киімдер, сондай-ақ металдан, керамикадан, ағаштан және киізден жасалған, басқа шеберлермен және суретшілермен бірлесіп жасалған жұмыстар ұсынылған. Экспозиция қараша айының 5-не дейін жалғасады.