Танымал әнші Мейрамбек Беспаевтың жары Мархабат Беспаева әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты хабармен бөлісті, деп хабарлайды Jastar Janary порталы.
«Әйел үшін қуанышқа толы ең бақытты кездердің бірі – ол 9 ай құрсағында сәбиін көтеріп жүру болса керек. Аллаға шүкір, осы әдемі кезеңді мен де міне, үшінші рет басымнан кешудемін! Араға 9 жыл салып көрген қуанышымды сіздермен бөліскім келіп отыр. Біз сені қатты күтудеміз, сәбиім! Сәби күтіп жүрген әр әйелге жұғысты болсын», – деп жазды Мархабат Беспаева.