29 тамызда Ұлттық мұражайда «El Umiti» Премиясының финалы және үздіктерді марапаттау рәсімі өткен еді. Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан келген үздік студенттер мен оқушылар бірнеше ай бойы дайындаған өз әлеуметтік жобаларын қорғап, таныстырды. Нәтижесінде, премия жеңімпаздары құны 500 000 теңгеден 2 000 000 теңгеге дейін тұратын білім гранттарына ие болды.
«El Umiti» Премиясы – жастардың түрлі салаларда өзін-өзі дамытуына және жоғары нәтижелерге қол жеткізуге көмектесетін «El Umiti» Корпоративтік қорының жобаларының бірі. «El Umiti» Корпоративтік қоры 2019 жылдан бері дарынды қазақстандық жастарды қолдауға және білім беруді дамытуға бағытталған 20-дан астам әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асырып келеді. Бұл жобаларға ауыл мектептері оқушылары мен балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін қоса алғанда, миллионнан астам қазақстандық жас тартылған.
«El Umiti» Премиясы аясында Қазақстанның ең дарынды балалары екі кезең бойы іріктелді. І кезеңде Премияға қатысушылар 7 бағыт бойынша түрлі оқу курстары мен байқауларға белсене қатысты. Соңғы кезең елордада өтіп, үміткерлер өздерінің әлеуметтік жобаларын қорғап шықты.
«BILi’mINNOVATION» жобасын әзірлеген Жұмабай Ерасыл, Дюсенбек Алдияр, Сулейменов Нұрали жеңімпаз атанды. Ал биылғы жазда Премияның ең белсенді қатысушылары арнайы атап өтіліп, Зерендіде өткен «El Umiti – 2024» жазғы білім беру лагеріне жолдама берілген болатын.
Сондай-ақ «El Umiti» Премиясы жобасының келесі легіне тіркелу 15 қыркүйекте басталды.