Танымал әнші Raim Ерке Есмаханның алғашқы некесінен туылған ұлы Мүслімге көлік сыйлады, бұл жайлы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
Ерке Есмаханның жазбасынан жолдасына дән риза екенін байқауға болады. Ұлы Мүслімді Raim жан-жақты дамытып, көп көңіл бөлетіндігін, және ұлының тұйық мінезін ашқандығын айтты.
«Міне, бүгін папасы Муслимге сыйлық жасап қуантты. Көлігің құтты болсын, балам. Ақылды жігіт бол! Үмітімізді ақта! Артыңнан ерген ініңе үлгі бол!»– деді.
«Біз шаңырақ көтерген күннен бастап, Райм Муслимнің баскетболға құлшынысын арттыра бастады, ағылшын тілін дамыту үшін Англияда оқытты. Муслимнің тұйық мінезін ашудың жолдарын іздеді. Денсаулығына, араласатын ортасына, үйдегі тәрбиесіне қатты мән береді. Тіпті мектебіндегі ата-аналар чатында Райм отырады. Ең бастысы, осы кезге дейін сезінбеген “әке махаббатын” сезіндірді. Кішкентайынан ата-әжесімен бірге болған бала қазір, Аллаға шүкір, “Папа, мама” деп, толыққанды отбасында өсуде», — деп жазды Ерке Есмахан.