Басты бет » Жастар үні » Мұрат Савелиев Белгиядан көшті

Мұрат Савелиев Белгиядан көшті

Барша қазақ Жәнібек атап кеткен белгиялық әйел асырап алған Мұрат Савелиев әлеуметтік желідегі парақшасында басқа елге көшіп жатырғанын айтты.

«Мен басқа қалаға көшіп, жаңа орынға орналастым!
Толығырақ айтсам: Қазір Қазақстанда емеспін… Өте өкінішті, өйткені сіздерге айтарым көп еді. Осы айдың басында мен Испаниядағы аралдан материк жағына көштім! Енді жыл бойы жұмыс істеуге мүмкіндік болады. Мен атқа міну бойынша экскурсовод ретінде жұмысқа өтініш бердім. Бойымда қазақтың қаны бар ғой, өйткені… Бірнеше күннен кейін сіздерге айтар жақсы жаңалық болар деп үміттенемін. Мен үшін дұға етіңіздер. Мен де өздеріңіздей, саяхаттауды жақсы көретін адаммын. Сондықтан мен келесі 3 аптада Латын Америкасынан өтемін. Менің сапарыма қосылғыңыз келе ме?» – деп жазды Мұрат Савелиев.

Желі қолданушылары Жәнібекке жақсы тілек жазып, Қазақстанда асыға күтетіндіктерін жазды.

«Испанияның аралынан материгіне газельмен көшіп жүрген нағыз қазақ! Жаңа қонысың құтты болсын, Жани бауырым»,» Құлыншағым-ау, ақ жол арман-мақсаттарың орындалып анаңды тауып, Қазақстанға келіп үйлену тойыңды ел болып тойлауды Алла нәсіп етсін», «Бауырым, бар жақсылықты тілеймін. Қазақ елі сені әрқашан құшақ жая қарсы алады. Күтеміз» деп жазды.