Шетелдегі этникалық қазақ балаларына iQanat мектебінде тегін оқытуға білім гранттары бөлінеді.
Алматыда өтіп жатқан «Отандастар» бизнес-форумында кәсіпкер, меценат Дулат Тастекей Қазақстандағы беделді білім беру ұйымы iQanat мектебіне шетелдегі этникалық қазақ балаларын тегін оқыту үшін білім гранттары бөлінетінін хабарлады. Бұл гранттар этникалық қазақтарға білім алуда жаңа мүмкіндіктер ашып, олардың елмен байланысын нығайтуға бағытталған.
iQanat мектебі ауылдық жерлердегі дарынды балаларды қолдауға және олардың сапалы білім алуына жағдай жасауға арналған бірегей жоба. Мектеп оқушылары әлемдік стандарттарға сай білім алады, түрлі пәндер бойынша терең дайындықтан өтеді және шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік алады.
Айта кетейік, IQanat мектебі – Қазақстанның барлық аймағындағы ауыл мектептерін қолдауға бағытталған қазақстандық кәсіпкерлердің әлеуметтік-білім беру жобасы.