Басты бет » Жаңалықтар » Аламан бәйгені Айқабақ жеңді

Аламан бәйгені Айқабақ жеңді


25 шақырымға жалғасқан Аламан бәйгегеде қазақстандық екі тұлпар жүлделі орындарды иеленді.

Аламан бәйгеге 27 шабандоз қатысты. Соңғы айналымда 7 ат қана қалды. Мәре сызығын бірінші болып «Айқабақ» кесті. «Жұмыртұяқ» екінші болып келсе, қырғызстандық сәйгүлік – «Қара қыз» үштікті түйіндеді.
1-орын: «Айқабақ», шабандоз – Аңсар Арыстанбек (Қазақстан);
2-орын: «Жұмыртұяқ», шабандоз – Хамза Аманкелді (Қазақстан);
3-орын: «Қара қыз», шабандоз – Элесов Нурэл (Қырғызстан).