Басты бет » Бозбала мен бойжеткен » “Қазіргі жастарға өтпейді”: Әнші Жазира Байырбекова неге мұндай пікір айтты?

“Қазіргі жастарға өтпейді”: Әнші Жазира Байырбекова неге мұндай пікір айтты?

Отандық танымал әнші Жазира Байырбекова өзінің тұрмысқа шыққан кезін еске алып, қыздарға кеңес берді. 

— Маған «Қыздарға қандай кеңес бересіз?» дейтіндер көп. Біздің тәжірибеміз қазіргі жастарға өтпейді. Әр заманның өз талабы бар. Мысалы, мен жұмысы да, үйі де, атағы да жоқ жігітке тұрмысқа шықтым. Бәріне бірге жүріп жеттік. Қазір үйі бар ма, бизнесі, жұмысы бар ма, мамандығы қандай, әке-шешесі немен айналысады, бәрі маңызды дейді. Қайсысы дұрыс, нақты білмеймін. Бірақ махаббат бірге тұрғанда сыйластыққа, достыққа, бауыр басуға айналмаса өшіп қалады. Махаббат та, байлық та, атақ-даңқ та жоғалуы мүмкін. Тек мейірімді адамның мейірімділігі ғана жаныңда қалады», — деп оқырмандарға әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
Жазира Байырбекова осы тақырыпқа байланысты әселі пікір жазған оқырманға сыйлық сыйлайтынын айтты.

Оқырмандардың айтуынша, «Адамның өзі қандай болса, тура өзі сияқты адамды жолықтырады Алла тағала. Егер жақсы болса Алладан, жаман болса өзіңнен деген», «Тең-теңімен, тезек қабымен деп бекер айтылмаған. Екі жас бірін-бірін сүйіп тұрса, Алла оларға жеңілдігін беріп бай-мұратқа жетелейді», «Ниеті егіз адамжарды құдай қосады», — деп пікір қалдырған.