Басты бет » Жастар үні » Мамандық таңдау оңай ма?

Мамандық таңдау оңай ма?

Оқуын енді аяқтаған əрбір түлектің алдында үлкен жауапкершілік тұрады. Ол – мамандық таңдау. Мамандық таңдау – адам өміріндегі қабылдайтын ең маңызды шешімдердің бірі. Жас түлек өз саласын таңдау барысында өз табиғаты, болмысына сəйкес, өзінің қызығушылықпен жасай алатын болашақта сол мамандығы арқылы сұранысқа ие бола алатындай, жақсы табыс табатын жұмысты армандайды. Бірақ бірі мамандығын өзі таңдаса, бірі өз ата-анасының қалауымен оқуға түсіп жатырғандар да бар. Мамандық таңдау бұл жəй ғана оқуға бітіріп, диплом алу емес, ол – өмірлік жолыңды дұрыс таңдау. Сондықтан оқуға түскелі жатырған талапкер өзінің жүрегінің қалауына қарай, жеті рет өлшеп бір рет кескені дұрыс. Былай қарағанда, дұрыс таңдалған мамандық иесі қашанда білгір, өз саласының үздігі болып, қашанда сұраныста болады.

Фото: ашық интернет көздерінен алынды

Ал мамандық таңдауда біреудің айтуымен, ата-анасының қалауымен оқуға түскендер, өз саласында құлшынысы болмай, тек жұмыс деп қарап тек табыс көзі ретінде қарайды. Көп жағдайда, ата-аналар өздері түсе алмаған, оқи алмаған мамандыққа балаларын түсіргісі келеді. «Мен дəрігер болғым келіп еді бола алмадым, енді сенің дəрігер болғаныңды қалаймын», – деп өз қалауларын жеткізіп жатады.

Одан бөлек, дұрыс таңдалмаған мамандықтан кейін жоғары оқу орнын бітірген түлектердің бірқатары мүлдем басқа салада жұмыс жасап жүргендері қаншама?!

Мамандық таңдарда өзіне ғана қажетті саланы емес, қоғамға қажеттісін таңдаған дұрыс. Сонда болашақта өз салаңда жұмыс таба аласың.

Мысалы, сұранысқа қашанда ие екі мамандық – ұстаздық пен дəрігерлік.

Жаман жақсы мамандық болмайды, тек қалауыңа байланысты. Десе де, мамандықты дұрыс таңдап, қоғамда өз орыңды табу оңай шаруа емес. Мамандықтың өзі қаншама саладан тұрады оның ішінде шығармашылық, есептік, спортық, өнер, т.б. болып бөлінеді. Қаншалықта дұрыс таңдау жасасаң, соншалықты мамандығынды жақсы көріп, сол саланың үздігі боласың.

Таңдау барысында осы 4 сұрақты өзіңізге қойыңыз:

  1. Қандай қабілеттеріңіз бар, хоббиіңіз қандай?
  2. Кеңес сұраңыз, таңдауды сіз жасаңыз.
  3. Өзіңіз қызығатын салаңыздағы адамдармен сөйлесіп көріңіз
  4. Неге бұл мамандықты таңдауым қажет?

 Статистикаға сəйкес, еліміздегі сұранысқа ие мамандықтарды 10 мамандықтың тізімін жасадық:

— əлеуметтік ғылымдар бойынша орта мектеп мұғалімдері;

— мектепке дейінгі білім беретін тəрбиешілер;

— күтім көрсететін орта медициналық персонал;

— бастауыш сынып мұғалімдері;

— үйде емделушілерге күтім жасайтын қызметкерлер;

— жаратылыстану ғылымдары бойынша орта мектеп мұғалімдері;

— математика ғылымдары бойынша орта мектеп мұғалімдері;

— бухгалтерлер;

— аспаздар;

— арнайы білім беру саласындағы өзге оқытушылар.

Осы орайда мамандық таңдауға қатысты өз ойларымен бөлісу үшін түрлі сала мамандарынан пікір алған едік.

  1. Мамандығыңызды қалай таңдадыңыз?
  2. Жас түлектерге мамандық таңдауда қандай кеңес берер едіңіз?

Марал Қалыбекқызы, мұғалім:

1. Ұстаз болу – бала кезден келе жатырған үлкен арманым еді, осы салаға қатты қызығып болашақта мұғалім боламын деп мақсат қойдым. Сөйтіп, мектеп бітіргеннен кейін Алланың қалауымен балашақ шақта арман еткен мамандығыма оқуға түстім. 20 жылдан бері ұстаздық қызметте жүрмін. Өз мамандығымды жақсы көрем, осы жолды таңдағаныма ешқашан өкінген емеспін.

2. Қазіргі жастар өте ақылды, өзіне керектігін толықтай біледі ғой. Қазіргі жастар жан-жақты, білімге деген құштарлығы жоғары. Десе де, мамандық таңдау оңай шаруа емес, ақылмен шешіп қабылдаған дұрыс. Ізденіп, сұрастырып, жанына жақын саланы таңдау керек.

Ерсұлтан Сабырханұлы, дәнекерлеуші:

1. Балалық кезімде ғарышкер болғым келді, одан мектеп табалдырығында жүрген уақытта тіс дəрігері болсам дедім. Мен 9-сыныпты бітірген уақытта туысқан ағам дәнекерлеуші болатын. Әртүрлі керемет туындылар жасап шығаратын. Сол ағама қызығып осы саланы таңдадым. Мамандық таңдайтын кезде отбасым араласқан жоқ таңдауымды өз еркіме тапсырды. 8 жылдан астам дәнекерлеуші болып жұмыс жасап, осы салада табысымды тауып жүрмін. Мамандығым сұранысқа ие, қашанда жұмыс табылады.

2. Қазіргі кезде жасарға мүмкіндік көп. Сол мүмкіндіктердің барлығын пайдаланып қалу қажет. Оқуға түсетін жас түлек таңдаған мамандығы туралы ата-анасымен ойласып ақылын сұраған дұрыс. Бірақ болашақта ол жұмысты анасы немесе əкесі я болмаса туысы істемейді. Сол себепті, əрине таңдауды өзі жасау керек. Жастар жан-жақты болу керек. Арманшыл, мақсатшыл болыңдар. Сол кезде барлығы болады. Барлығы өз қолыңда дегім келеді. Қорытындылай келе, жас түлектерімізге болашақ саласын таңдау кезеңінде жауапкершілікпен қарап, асықпай жан-жақты сараптап, өзіңіздің қалауыңыздағы мамандықты таңдауға кеңес береміз. Бұл əрбір жастың өмірдегі маңызды таңдауын байыптылықпен қараған дұрыс.

Айгерім САПАР, Медбике мамандығының 3-курс студенті:

1. Осы мамандыққа түсетінімді бастан білдім. Дәрігер болу – кішкентай кезімнен арманым еді. Бірақ дәрігерліктің өзінде қаншама саласы бар, ұзақ таңдау болды. Алдымда тіс дәрігері немесе медбике болу деген екі таңдау тұрды. Тіс дәрігері бойынша грантқа түсе алмағандықтан, жалпылама медбике мамандығын таңдадым. Қазір осы салада білім алып, тәжірибе жинап жатырған жайым бар. Мамандық таңдауда қателеспегеніме күн сайын көзім жетіп жүр. Қазір студент болғаныммен өз саламда аз да болса тәжірибем бар.

2. Қазіргі кезде жастар беріліп жатырған мүмкіндіктің барлығын пайдаланып қалу қажет. Жан-жақты болу керек. Арманшыл, мақсатшыл болыңдар. Сол кезде барлығы болады. Барлығы өз қолыңда дегім келеді. Жас түлектерімізге болашақ саласын таңдау кезеңінде жауапкершілікпен қарап, асықпай жан-жақты сараптап, өзіңіздің қалауыңыздағы мамандықты таңдауға кеңес береміз. Бұл әрбір жастың өмірдегі маңызды таңдауын байыптылықпен қараған дұрыс.

               Перизат САПАРОВА,

«Jastar janary»