Басты бет » Жаңалықтар » Қожанасыр жырлайды

Қожанасыр жырлайды

Түбі бір түркі халықтарына ортақ болып кеткен Қожанасыр хикаяларын түрік ақыны Махмұт Кая жыр тілінде сөйлетсе, ақын, аудармашы Маржан Ершу ол жырларды қазақ тіліне аударды. Осы жырлардың негізінде «Қожанасыр жырлайды» кітабы жарыққа шықты. Кітаптағы жырларды оқырмандарымыздың назарына ұсынамыз.

Сурет «Қожанасыр жырлайды» кітабынан, суретші Эрсан Перчем

 

ІШІНДЕ ӨЗІМ ДЕ БАР ЕДІМ

Қожа сатыдан құлады,
«Гүрс» еткен даусы шығады.
Көршісі естіп дауысты
«Не болды?» деп сұрады.
Қожаға жақын келеді,
«Не дауыс?» дей береді.
Қожа сонда былай дер:
– Шапанымның дауысы
Құлағанда қиын-ды.
– Шапанда дауыс бола ма?
Қожеке, айтшы шыныңды.
– Көршім-ау, неткен адамсың?
Сөз ұқпайтын жамансың.
Мейлі, сен түсін, түсінбе,
Өзім бар едім ғой
Сол шапанның ішінде.

 

САБАП ХАЛУА ЖЕГІЗУ

Жүрген жері мол аңыз,
Конияға келді Қожамыз.
Кедейлігі сор тағы,
Кебежесі кейін тартады.
Қалада кім күтер-ді,
Көрді халуа сататын дүкенді.
Дүкенге кіріп оңдады,
Опырып жейді халуаны.
Дүкенші таяп қасына,
Таяқпен ұрды басынан.
Қожа сонда күледі,
Дүкеншінің ұстап білегін.
Өзі сабап, өзі ұрсып,
Халуа жегізді бұл қырсық.

 

ДОРБА ЖАСАР ЕДІМ

Қожамыз шыкты сапарға,
Сәлемдеспек құрбы-қатарға,
Бірнеше ай қонақ болыпты,
Пейілдеріне тойыпты,
Аттанар кезде Қожаның
Дорбасы жоғалды… мазағын,
Қожа ашуға мінеді,
Айқай сап көнілсіз жүреді,
– Таппасаңдар дорбамды,
Батасыңдар күнәға,
Не болатынын сұрама!
Көпшілік енді сасады,
Қожаның ашуын басады.
– Табылды, Қожеке, дорбаңыз,
Жолыңыздан қалмаңыз!
Табылмаса дорбаңыз
Қайтер едік онда біз?!
Кожекең айтты:
– Қайтейін?!
Жаңа дорба тігермін,
Мойныма іліп жүрермін.

 

ОНЫ МЕНЕН СҰРА

Қожаның сүйікті әйелі
Келісті көркем жан еді.
Емі жоқ ауруға душар боп
Бір күні байғұс өледі.
Жаназаға ел жиналды,
Жылайды, қимай қиналды.
Имамның сұрағы бар еді:
«Бұл ханым қандай жан еді?»
«Жақсы адам» деді құлшынып,
Қожекең сонда иманға
Мойнын созып бұрғанда.
– Жұбайымдай жан қайда?
Менен сұрасаң болмай ма?
Мені қырық жыл басқарды,
Өзімшілдігі өзінен аспады.
Ақырында не керек,
Мені тастап қашқаны.
Әй, жамағат, мен білем,
Әйелім қандай екенін.
Жақсы ма, жаман ба,
Сөз калдырғын маған да.
Кетер адам кетеді,
Босқа сөйлеп нетемін?!

 

ӘЗІРЕЙІЛ КЕЛГЕН КЕЗДЕ

Қожа бір күн ауырды,
Үстіне ілді тәуірді.
Бір ой келіп басына
Шақырды әйелін қасына:
– Өлетін шағым жақын-ды,
Айтайын бір сөз ақылды.
Әдеміленіп киініп,
Жанымда менің отырғын.
Әзірейіл келген шағында,
Көзі түсер сендей лағылға.
Сұлулығыңа қызығып,
Алып кетер келген жағына.
Ұзатып сені салармын,
Ауруымнан бір айығармын.

 

ДӘМІ БІРДЕЙ

Бақтан шығып мәуелі,
Қожекең әндетіп келеді.
Балалар жүр қызығып,
Дорба толы жүзімі.
– Қожеке, көке, жүзім бер!
Бір бергенде жүзін бер!
Қожекең берер түйірлеп,
– Көп жесең, саған қиын, – деп. –
Аз жесең, қарын тояды,
Қызығатыны жоқ,
Жүзімнің дәмі бірдей болады.

 

ІШІНДЕ БОЛМА

Қожадан біреу сұрапты көтеріп қолды:
– Табытты молаға апарарда
Қай жағында тұрған оңды?
Бәлкім, оң,
Бәлкім, сол,
Бәлкім, алдында,
Бәлкім, артында?
Айтыңызшы, Қожеке, дұрыс жолды?
Кожекең сонда:
– Е-е, – депті, –
Оңында да, соңында да болма,
Алдында, артында да болма
Деймін ақымақ жанға.
Ен бастысы, табыттың ішінде болма!

 

ӨЗІМ ДЕ ТҮСЕЙІН ДЕГЕМ

Өмір ғой, алда талай сынақ бар-ды,
Есегі сүрініп, Қожекең жерге құлап қалды.
Адамдар анталасып шауып келді,
«Қожеке, амансыз ба?» деп қауіптенді.
Қожекең мырс етіп сәл тіл қатады,
Сөзінде күлкі менен мұң жатады:
– Демей ме, ең алдымен өзің сақтан,
Өзім де түсейін деп келе жатқам.

 

КІМ ІЗДЕП, КІМ ТАБАР?

Бір күні Қожаның есегі жоғалды,
Есек жоғалту, ес жоғалтқаннан жаман-ды.
Қожекең шарқ ұрып іздеді,
Есегім келер деп үмітін үзбеді.
Қайғырып, күйзелмей ұзақ күтті,
Акылды есегім, сірә, болар деп мықты.
Бір күні ойланды,
– Есектің үстінде өзім болсам,
Сосын адасып қалсам.
Мені кім іздеп, кім табар,
Жағдайым сонда не болар?