Басты бет » Жаңалықтар » Мейіз қосылған кекс 

Мейіз қосылған кекс 

Кекс тағамы дәмділігімен, жұмсақтығымен ерекшеленеді. Кекстің дәмін жақсарту үшін мейіз, жаңғақ қосуға болады.

Құрамы:

➖ 3 жұмыртқа
➖ 250 гр құмшекер + 25 гр ванильді қант.
➖ 100 гр сары май.
➖ 1 стакан мейіз.
➖ 150 гр қаймақ.
➖ 1 үлкен қасық қопсытқыш (дрожжи).
➖ 400 гр ұн.

Дайындау жолы:

✔ Мейізді ыдысқа салып, үстіне ыстық су құйып 15 минутқа қоямыз. Сосын суын төгіп кептіреміз. Жұмыртқа, құмшекер, ванильді қантты миксермен жақсылап араластырамыз. Үстіне сары май мен қаймақты қосып, тағы да миксермен араластырамыз.

✔ Ұн мен қопсытқышты илеп, массаның үстіне салып, ақырын араластырамыз. Қоюлығы қаймақ сияқты болу керек. Үстіне мейіз саламыз. Ыдыстарын майлап, әр ыдысқа жартысынан сәл асырып құясвз. Қызып тұрған пешке 190 градуста 40 минут пісіреміз.