Басты бет » Жаңалықтар (страница 50)

Жаңалықтар

Үйі жоқтың күйі жоқ: халықты әлекке салған баспана базынасы

Халықты қолжетімді және сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету – еліміздің әлеуметтік саясатының маңызды бағыттарының бірі. «Үйі жоқтың күйі жоқ» дегенді тұрақты баспанаға жете алмай, жалдамалы пәтерлер мен жатаханаларды жағалап  сергелдеңге түсіп, пәтер азабы жанына батқан жандардың жете түсінетіні анық. Әр қазақтың басында қос-қос несие, айлығы шайлығына жетпей жатқан жұрттың баспана алуға шамасы, әлеуеті жете ме? Бұл мәселе, әсіресе жас отау ...

Толығырақ »

Қ.Тоқаев: Бір ұлтқа біріккен барлық азаматтың мемлекеттік тілді меңгеруі – саяси стратегиялық бағыт

Қазыбек ИСА, Парламент Мәжілісінің депутаты Бүгінгі өткен Бірлік мерекесіне арналған жиында Тәуелсіздік алғалы 32 жылдан бері алғаш рет жалпыұлттық бірегейлік туралы, еліміздегі өзге этностардың бәрі мемлекетқұраушы негізгі титулды ұлтқа бірігіп, бірегей қазақ ұлтына айналуы керектігі жайлы жақсы сөз айтылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзін сөзбе-сөз келтірейік: «Даңқты отандастарымызды, спортшыларымызды, мәдениет қайраткерлерімізді, ғалымдарымыз бен студенттерімізді, кәсіпкерлерімізді шыққан тегіне қарамастан, шетелде үнемі қазақтар ...

Толығырақ »

Электронды шылымға әуестік артып барады

Сурет: https://azattyq-ruhy.kz/ “Денсаулық зор байлық” дейді дана халқымыз. Расында да, бұл дүниеде ақшаға сатып ала алмайтын, еш нәрсеге айырбастай алмайтын бір ғана нәрсе – денсаулық. Осы тұрғыда, Бейсен Құранбек ағамыздың “Ұйқыдан ауырмай тұрғанның өзі жарты бақыт» деген сөзі еріксіз ойға оралады. Түсіне білген адамға бұл сөздің астарында да денсаулықтың маңыздылығы айқын көрініс табады. Расымен де, адамның жаны, дені сау болмаса, ...

Толығырақ »

Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік тұрмысқа шықты

Қазақстандық шахматшы, халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәлік «Қазақмыс» басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриевпен шаңырақ құрды. Жансая желідегі парақшасында «Мәңгілік сендікпін, мәңгілік мендіксің» деп жазған. Жансая Әбдімәлік пен күйеуінің жас айырмашылығы 11 жас екен.  

Толығырақ »

КЕЛЕШЕККЕ КЕРЕК КӘСІП

Ауылда өскен бізге ата-анамыз мұғалім, дәрігер, зоотехник, агроном бол дейтін. Қала балаларының инженер, құрылысшы-прораб, заңгер, есепші-экономистік мамандыққа құштар болып келетінін де байқадық. Ал бүгінгі балалар модель, футболшы, робот құрастырушы, банкир мамандықтарын қалайды екен. Бүгінгі балалар шет тілдерін, оның ішінде ағылшын, қытай тілдерін меңгерсе, сонымен бірге математика, физика, химия сияқты дәл ғылымдарға ден қойса, болашаққа керек маман болатынын жасынан түсініп өседі. ...

Толығырақ »

Жәнібектегі каратэ-до-дан жарыс

   Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында каратэ-до шотокан да бойынша балалар мен жасөспірімдер және ересектер арасында Жәнібек аудандық Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ашық біріншілігі өтті. Біріншілікте батысқазақстандық Тасқала, Жәнібек аудандары мен Орал қаласынан спортшылар өзара бақ сынасты. Жарыс Жәнібек ауданы әкімдігі мен Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің тікелей қолдауымен өткізілді. Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі міндетін ...

Толығырақ »

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТЫҢ ШЫРҚАУ БИІГІ: Мүсірепов театрында Мұрат Ахмановтың апталығы өтеді

          Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында 25-30 сәуір аралығында театр режиссері, ҚР Еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері Мұрат Ахмановтың шығармашылық апталығы өтеді. Ғ.Мүсірепов театрында қызмет етіп келе жатқан режиссер репертуардағы С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісі», Б.Мұқайдың «Шындық детекторы», Иран-Ғайыптың «Фатима», «Естайдың Қорланы», «Бір түп алма ағашы» қойылымдарын көпшілік назарына ұсынып, сондай-ақ өзінің қаламынан туған «Наурыз думан», ...

Толығырақ »

Қосшы жастары «Тегін такси» акциясын өткізуде

Соңғы күндері ауа райы күрт құбылып, тұрғындар абыржып қалды. Өз кезегінде жастар көмек қолын созып, қала тұрғындарына қайырымдылық жасауда. Қосшы қаласындағы Жастар ресурстық орталығының волонтерлері қала тұрғындарына «тегін такси» акциясын бастады.

Толығырақ »

Мектеп президенті – Данияр

Егеменді еліміздің ертеңі – жастар. Бүгінгі таңда мемлекетімізде білімді, талапты және бәсекеге қабілетті жастар аз емес. Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданындағы №1 Смирново орта мектебінің 11-сынып оқушысы Данияр Кудьяровты сондай талапты азамат деп айтуға болады. Данияр – өзі оқитын білім ордасының президенті, Оқу-ағарту министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитетінің біздің өңіріміз бойынша өкілі, аталмыш мемлекеттік мекеменің республикалық кеңесінің мүшесі. Жастардың кешенді дамуы ...

Толығырақ »

«Ұлыңыз келін деп қызтеке әкелсе, бата бересіз бе?» – Ардақ Назаров ЛГБТ мәселесін көтерді

Депутат мұндайды насихаттаушылар батыстық ұйымдар екеніне сенімді Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров депутаттық сауалында біржынысты некені насихаттаушыларға қатысты мәселе көтерді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі. «Біз экономиканы реттейміз, саясатпен айналысамыз деп жүріп, идеология мәселесін естен шығармауыз керек. Мемлекет іргесінің берік болуы, халықтың баянды өмір сүруі үшін ең алдымен дәл осы идеология саласын реттеуіміз қажет. Оны бәріңіз білесіздер. Өздеріңізге мәлім, 8 сәуірде Астанада феминистер ...

Толығырақ »