Басты бет » Жаңалықтар (страница 110)

Жаңалықтар

Қошқармүйіз оюында қандай сыр бар?

Қошқарды қазақ қатты қадірлейді. «Бурада айдаһардың екі түгі, қошқарда бір түгі бар, сондықтан адамға айбарлы көрінеді» деп есептейді. Қошқар мүйізді өрнектер қазақ ою-өрнектерінде өте көп кезігеді. Ол қуаттылықтың, жақсылықтың, молшылықтың белгісін білдірген. Ұрпақтарының осындай болуын арман еткен адамдар бала-шағаларына арнап жасаған бұйымдарына қошқармүйіз өрнегін көп түсірген.

Толығырақ »

Владислав ТЕН, полиглот, қазақ тілі онлайн мектебінің негізін қалаушы: КОРЕЙ ХАЛҚЫНЫҢ ӨКІЛІ РЕТІНДЕГІ МЕНІҢ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫННЫҢ БАРЛЫҚ ӨКІЛІНЕ АЛҒЫС АЙТУЫМ

Біздің ата-бабаларымыз 1937 жылы депортацияға ұшырап, Қазақ жеріне еріксіз келіп түскенде қазақтар олармен соңғы нанын бөлісіп, ажалдан құтқарып, көмек бергені үшін корей халқынан алғыс білдіремін. Сол кезде қазақ халқы ата-бабаларымызға қол ұшын бермегенде менің өзім де, менің екі балаларым да, менің көптеген туыс-туыстарым да бұл дүниеге келмес едік және осы алғысымды дәл қазір жазып отырмас едім. Қазақ жері корейлер үшін ...

Толығырақ »

Жастар саясаты

2022 жылдың басында жастар саны (14-28 жас) 3 741 083 адамды құрады (2021 жылы 3 739 883 адам), оның ішінде қалада 2 106 589 адам (56,4%), ауылда – 1 634 494 адам (43,6%). 2022 жылдың қорытындысы бойынша жұмыссыз жастар саны 68 547 адамды құрады (2021 жылы — 77 648 адам), жұмыссыз жастар санының төмендеуі байқалады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша жастар ...

Толығырақ »

Психологиялық тест: Жасы үлкен қызды табыңыз

Бұл тесттен жасы үлкен қызды бірден табу оңай емес, сондықтан біліп жүріңіз: Егер тауып жатсаңыз, сіздің психологияңыз басқа адамдардыкіне қарағанда жақсы дамыған деген сөз.1. 23-жасСіз шынайы адамсыз. Сіз қыңыр адам емессіз, сіз барлық жаңа нәрсеге ашықсыз. Сіз әдетте өзіңіздің әлеміңізді құратын терең сенімдеріңіз бен негіздеріңізді өзгертпейсіз, бірақ сіз кез келген жағдайға тез бейімделесіз және сіз әрқашан жаңа нәрсені үйренуге ынтықсыз. ...

Толығырақ »

1 наурыз – Мәншүк Мәметова «Кеңес Одағының Батыры» атағын алған күн

      Қазақ қыздарының арасынан тұңғыш рет Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (шын есімі – Мәнсия) 1922 жылы Орал облысы Орда ауданында туған. Анасы еркелетіп Моншағым дей бергеннен Мәнсияның тілі келмей өзін Мәншүк деп кеткен. Ата-анасынан ерте айырылған Мәншүк балалық, жастық шағын Алматыда Ә. Мәметованың тәрбиесінде өткізеді. Алматы қаласындағы №28 мектепте оқыған. Ұлы Отан соғысы басталғанда, 1942 жылы Алматы қаласындағы медицина ...

Толығырақ »

Жүрсін ЕРМАН: «Кедейлік – жоққа шыдауға, барға ұмтылуға, армандауға үйретеді»

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерман Qazaqstan ұлттық арнасындағы «Зинһар» бағдарламасына берген сұхбатында тағылымды ой айтып, келелі пікірімен бөлісті. Жүргізушінің: – Кедейшілік пен баршылық адамға не үйретеді екен?» деген сауалына: Жүрсін ақын: «Кедейшілік бәріне үйретеді. Жоққа шыдауға да, алға қарай ұмтылуды да, армандауды да үйретеді. Кедейшілік – кісіні жетілдіретін бір құбылыс. «Кедеймін» деп өкпелеуге де болмайды. Жоқ кезің жақсы ...

Толығырақ »

ТОЙДА САЙҚЫМАЗАҚТЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ КЕРЕК

– Той – әр ұлттың кешегісі мен бүгіні барлық болмысын, мәдениетін, өнерін көрсететін орын ғой. Бірақ бүгінгі тойларымызды көтергенде тамағыма ащы өксік тығылып, жүрегімнің түбі шаншитын күйге жеттім. «Не істеуге болады?» деп көп ойландым. Көп кісілер: «тойымызды қалай өткізсек болады?» деп хабарласып та жатады. Яғни, халыққа ескіде тойларымыз қалай өткенін айта отырып, бүгінгі мейрамханаларда өтетін тойларды қалай өткізуге болады деген ...

Толығырақ »

Робототехникаға оқушылардың қызығушылығы жоғары

Астанада оқушылар арасында робототехника бойынша Central Asia FIRST Championship халықаралық чемпионаты өтуде. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин әлеуметтік желіде жазды.  Аталған бәсекеде Қазақстаннан және көрші елдерден қатысушы оқушылар өздерінің инновациялық жобаларын ұсынады. Кез-келген жетістік шағын қадамдардан басталатыны анық. Сондықтан бүгінгі жобалар шағын масштабта болса да, көпшіліктің көңілінен шықты. Мені жас таланттардың жобалары қуантты. Айта ...

Толығырақ »

ҰЛДАН ЖӘНЕ ҚЫЗДАН ӨРБІГЕН ҰРПАҚ ҚАЛАЙ АТАЛАДЫ?

 Сурет ашық интернет көзінен алынды Өзінен өрбіген шежіре жалғастыратын ұрпақты қазақ – «Ұл» деген. Ұлдан туған бала — Немере. Немеренің ұрқы — Шөбере (Немелтай). Шөберенің ұрқы — Шөпшек. Шөпшектің ұрқы — Немене. Немененің ұрқы – Жүрежат (кейде некеге рұқсат берген) Жүрежаттың ұрқы — Туажат (некеге рұқсат) Туажаттың ұрқы — Жекжат. Жекжаттың ұрқы – Жамағайын (ұрқыға айналады). Жамағайынның ұрқы – Жұрағат ...

Толығырақ »

Тар қапаста өткен 10 жыл

Бүгін Ақжарқынның туған күні. 19 жасында жап-жас қыз Қытай елінің түрмесіне қамалып еді. Сол уақыттан бері Ақжарқынның тағдырын, қазіргі жағдайын шырылдап жазып келемін. Мен арқылы бәрін біліп отырдыңыздар, деп жазды журналист, Бибігүл Дәулетбекқызы әлеуметтік желіде.  Бағана Зухра апай хабарласқанында, жүрегім қан жылап тұрды. «Бибігүл-ау, бүгін Ақжарқынымның туған күні ғой. Сіңлім, саған жай айтып тұрғаным ғой ішкі сырымды» дегенде өзегім өртеніп ...

Толығырақ »