Басты бет » Авторские архивы: admin (страница 109)

Архив блога

4 МИЛЛИОН ҚАЗАҚТЫҢ ОБАЛЫ КІМГЕ?

       – Өліктер үйіліп қалатын. Алматының көк базары мен Панфилов паркінің қасында аштықтан қарыны арқасына жабысып, қабырғалары ырсиған адамдарға қазан асылатын. Кейбіреулері ұзақ уақыт ас ішпегендіктен ішкені аш құрсағына түсіп, өліп кететін. Таң атқанда әр жерде өліп жатқан адамдарды жинап, арбаға салып қала сыртына алып кететін. Бұл әңгімені кезінде «Ленишіл жас» («Жас алаш») газетінде ұзақ жыл қызмет еткен, ашаршылықты ...

Толығырақ »

Қазаққа тұрмысқа шыққан орыс қызы

34 жастағы келіншек жолдасымен бірге үш ұлды тәрбиелеп отыр. Түркістан облысы, Сайрам ауданында тұратын Виктория Тұрысбекова қазақ отбасына келін атанудың артықшылықтары мен өмірден түйгендерін Sputnik Қазақстан тілшісімен бөлісті. Алғашқы таныстық Сайрам ауданындағы Қасымбек Датқа елді мекенінде тұратын Виктория атасы мен әжесінің қолында тәрбиеленген, ауылдан шыққан қарапайым қыз. Шымкентте колледжердің бірінде білім алып жүріп жолдасы Асқармен танысады. Өзі қазақ мектебінде білім алған ...

Толығырақ »

МАҚСАТЫ МОЛ МАХМУД

                 Алты жасар жерлесімнің бала болса да ойлау қабілеті тым жоғары еді. Сабағын да жақсы оқыды. Әсіресе, кез-келген сөзді ойланбастан кері оқып бере-тұғын. Осы әдіспен ең әуелі сөзді, одан әрі өлең жолдарын мүдірместен шырқайды. Мәселен, «малақай» дегенді «йақалам» деп кері «зуылдататын». Кішкентай баланың бұл зеректігіне таңдана отырып, қызық көріп сөйлететінбіз. Ауылдастарын осылайша баурап ...

Толығырақ »

Айман Қуатова: Мұқағали ақын мені «Мәншүктің сіңлісі» деп атайтын

   Құрманғазының ұстазы болған Ұзақ күйшінің шөбересі, ҚР еңбек сіңірген мəдениет қызметкері, режиссер Қуатова Айман Сисенғалиқызы қазақ өнеріне сіңірген еңбегі зор адам. Саналы ғұмырында шәкірт тәрбиелеп, актер, режиссер болуды армандаған жас мамандарға даңғыл жол ашқан ұстазымыз. Бүгінде сексеннің төріне шығып, ұл-қыздары өмірден өз орындарын тауып, немере мен шөбере өсіріп отырған оның жүзінен нұр шашқан нағыз қазақ анасының бейнесін көресің. Жақында сәлем ...

Толығырақ »

САМАЛДЫҢ ТАПҚЫРЛЫҒЫ

         «Криминалист мамандығы сырт көзге қарапайым мамандық болып көрінгенімен, оны толық игеріп, білікті маман болу үшін әр адамнан тынымсыз ізденісті талап етеді. Өйткені, орын алған қылмыстардың ізін суытпай, тез арада ашылуына криминалистиканың тигізер септігі мол. Тіпті, ішкі істер органдарын криминалистикасыз елестету мүмкін емес. Еліміздегі криминалистика саласы жыл өткен сайын жетіліп, заманауи техникалармен жабдықталуда. Оқып-үйренгенін тәжірибе жүзінде пайдаланып, бірнеше ...

Толығырақ »

Қаңғыбасты құтқарған раушан гүлі

Бірде гүл сатушы қыз қолындағы роза гүлдерін дерлік сатып болады. Қолында тек бір тал ғана гүл қалады. Гүл сатушы қыз ойланбастан жолдың қарсы бетінде күні бойы тілем тілеп отырған қайыршыға осы соңғы гүлді сыйлап, өз жөніне кете барады. Қайыршы өзі өз болғалы мұндай іске жолығып көрмепті. Ол үш ұйықтаса да армандағыдай ару қыздың өзіне гүл сыйлайтынын ойлап көрмепті. Бұл күні ...

Толығырақ »

«СЕКОНД ХЭНДТАН» СЕСКЕНЕМ. АЛ СІЗ ШЕ?

         Басқаны қайдам, біздің халық «ырымның жаманы жоқ» деп маңызы зор мағынасы тым тереңде жатқан ырым-тыйымдарға сенеді. Сөйтіп ырым-наным арқылы ұрпақ тәрбиелеп,  салт-дәстүрімізді де түсіндіріп отырған. Бізде киім хақында ырым да баршылық. Әсіресе ер адамдардың киімін баспау, жалпы бас киімді жерге тастамау бар. Бір сөзбен айтқанда, «киімнің  киесі мен иесі болады» деп киім-кешекті қадір тұтқан.     ...

Толығырақ »

Әулеттің иесі (әңгіме)

Соғыс басылар алдында бір қолынан айрылып, елге ерте оралған Жортақ деген көрші ауылдың жігітіне тұрмысқа шыққан Шоқаның жалғыз қызы Қыздаркүлдің құда шақыруы бір жарым жылдан кейін болса да, Құбығұл әулеті хабарды емен-жарқын қабылдасып, еңселері көтеріліп қалды. Хабар інілері майданда өліп, сопайып қалған қамкөңіл шал Шоқаның мәртебесін өсіріп жібергендей де еді. Бұрын: «Е, Қыздаркүлдің барған жері де соғыстан тұралап қалған жандар ...

Толығырақ »

АНАМ АЙТҚАН «ЖАЛҒАН» СӨЗДЕР…

Бала күнімізде ауылда тұрдық. Отбасы жағдайымыз тым төмен болды. Кедейліктің тақсіреті маған сезілмесе де шешеме қатты батты. Киер киім, ішер асқа жарымай жүргенде, ол үнемі өз ыдысындағы несібесін маған бөліп беретін еді. «Құлыным жей ғой, менің қарным ашқан жоқ», — дейтін. Бұл оның үнемі айтатын жалған сөзі еді. Ер жете бастаған шағымда, базардағы қымбат зат немесе дәрумендер алып беруге шешемнің ...

Толығырақ »

Д. Абаев: Теледебат болады және тікелей эфирде өткізіледі

Президент сайлауы алдында кандидаттар арасында өтетін теледебат туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев: – Менің білуімше, теледебат болады және тікелей эфирде өткізіледі. Кандидаттар өзара пікірталасқа түседі, –деді. Қазақстанда кезек былайтен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтеді. Ел Президенттігіне 7 үміткер тіркеліп, қазір үгіт-насихат шараларын бастап кетті. Олар: Nur Otan партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев; «Ұлт тағдыры» қозғалысы атынан Әміржан Қосанов; ...

Толығырақ »