Бүгін елге танымал өнер жұлдыздары Райым пен Еркенің ұлы дүниеге келді.
«Ал сүйінші! Байбақтының туын көтеретін батыр дүниеге келді!» деп сүйіншіледі ақын Айнұр Тұрсынбаева. Сондай-ақ ақын:
«Ана болды Ерке қыз!
Әке болды Райым!
Бақытты боп екі жас,
Бірге болсын лайым!
Батыр ұлдың артынан,
Салиқалы ұл-қызды
Бере берсін құдайым!» деп әлеуметтік желіде жыр жолдарымен дүйім қазаққа сүйінші жаңалықты жеткізді.
Райымның өзі де инстапарақшасында «Аль-Хамду ли-Ллях! Қош келдің, ұлым!» деп жазба қалдырып, сәбимен түскен суретін жариялады.
«Құтты болсын, бауы берік болсын, көбейе берсін!», «Ооо, таңертеңнен жақсы жаңалық, балапан ғұмырлы тұғырлы болсын, ата-анасына ұзақ өмір берсін, Алла!», «Құтты болсын! Балапанның бауы берік болсын. Ғұмырлы, хайырымды азамат болсын!», «Бауы берік болсын! Салихалы ұрпақтың қатарынан болып, халқының көз қуанышына айнала берсін!» деп қуаныштарымен бөлісіп, сәбиге ақ тілектерін жаудырып жатырған оқырмандар қарасы көп.