Басты бет » Жаңалықтар » Астана жастары матчтан кейін стадионды қоқыстан тазалады

Астана жастары матчтан кейін стадионды қоқыстан тазалады

Астанада жанкүйерлер еріктілермен бірге Қазақстан мен Сан-Марино құрамалары арасындағы матчтан кейін стадионның қоқысын жинады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордалық еріктілер мен жанкүйерлер тобы Еуро-2024 іріктеу аясында Қазақстан құрамасының Сан-Марино командасына қарсы матчынан кейін «Астана Арена» стадионында қоқыс жинады.

Футбол жанкүйерлері мен елорда тұрғындарының белсенділігі ғана емес, олардың тазалығы кімді болмасын таң қалдырды. Өйткені, тазалық жұмысына «Астана Жастары» КММ белсенділері мен еріктілері де, Астананың тұрғындары да атсалысты.