«Астана-Арена» стадионында футболдан Қазақстан мен Сан-Марино командалары арасындағы ойында Қазақстан құрамасы айқын басымдықпен жеңіске жетті. Есеп 3:1.
Ұлттық құрамаға қолдау көрсету үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, даңқты спортшылар, спорт ардагерлері мен мәдениет қайраткерлері арнайы барып ойынды тамашалады.
Олардың арасында Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген, мини-футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Паулу Рикарду Фигейра Силва (Кака), олимпиада чемпиондары Ольга Рыпакова, Дмитрий Баландин бар.
Футбол ойынын тамашалау үшін стадионға 300 мыңнан аса жанкүйер жиналды.
Jastar janary Ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталы


