1 қаңтардан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы балалардың арнайы жинақтау шотына аударылады. Қаржы барлық балаға тең бөлінеді. Ұлттық қор қаражатын білім алуға және тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалануға болады.
Жинақ және төлем тетігі 2024 жылдың 1 қаңтарынан енгізіледі. Әрбір баланың шотына оның туғаннан немесе Қазақстан азаматтығын алған кезден бастап 18 жасқа толғанға дейін бағдарламаға қатысқан тиісті жылы үшін бірдей сома аударылады. Қаражат Ұлттық қорда болады және оны Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі қаржы құралдарына инвестициялауды жалғастырады. Тек шотта жинақталған қаражатты 18 жасқа толғаннан кейін ғана пайдалануға мүмкіндік беріледі.
Алайда балалар азаматтықты өзгерткен немесе жоғалтқан кезде бұл құқығынан айырылады. Сонымен қатар төленетін қаражат салық салудан босатылады.