Басты бет » Жаңалықтар » Қуандық Бишімбаев ісі: ІІМ басшылығы тергеу барысын өз бақылауына алды

Қуандық Бишімбаев ісі: ІІМ басшылығы тергеу барысын өз бақылауына алды

Тергеу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі (Кісі өлтіру) бойынша жүргізіліп жатыр.

Тергеу органдары оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауда. Ішкі істер министрлігінің басшылығы тергеу барысын өз бақылауына алды.

Жұбайын өлтірді деген күдікке ілінген бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев кінәлі деп танылса, 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бұдан бөлек, қылмысты жасыруға жәрдемдескені үшін ресторан директорына қатысты іс қозғалып жатыр.

Бишімбаевтың ісінде кісі өлімі мен марқұмның денесін ұзақ уақыт бойы құпияда ұстап, әрі қылмыс айғақтарын жабуға көмек бергендерге қатысты іс қозғалатын болды.

Тергеу жұмыстарының барысында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 432, яғни (қылмысты жасыру) бабы бойынша қылмыстық іс жеке тіркелді, оның шеңберінде «Гастро-орталық» директоры күдікті деп танылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 434-бабы (Қылмыс туралы хабарламау) 119-бабы 3-бөлігі (қауіп-қатерде қалдыру) бойынша қылмыстық істер тіркелді.

 t.me/atamekenbusiness_qaz