Басты бет » Жаңалықтар » Сәукелені қорлаған “Ирина Қайратовна” жұрттың сынына қалды (видео)

Сәукелені қорлаған “Ирина Қайратовна” жұрттың сынына қалды (видео)

Қазнетте Алматыда танымал “Ирина Қайратовна” музыкалық тобының жақында өткізген концерті талқылануда. Әлеуметтік желі қолданушылары концерт барысында қазақтың ұлттық бас киімі – сәукелеге құрмет көрсетілмегеніне наразы. Шағымға режиссердің өзі жауап берді, деп хабарлайды «Jastar janary» порталы kaskelen.kz-ке сілтеме жасап.

Қойылымның ортасында ұлттық киімдегі бишілер сәукелені шешіп, бас киімдерін еденге қалдырып, нөмірін жалғастырды. Жағдай желідегі сынға себеп болды.

Осындай бейнелердің бірінің жазбасында жүзден астам пікірлер бар, әлеуметтік желі қолданушылары көргендерін белсенді талқылауда. Кейбіреулер бұл бас киімге деген құрметсіздік деп санап және топтан кешірім күтетінін айтады. Басқалары жағдайды түсінуге тырысады.

*****

Қоғам белсенділері бұл жағдайға қатысты қоғам белсенділері пікір білдіріп, сынның астына алды. Журналист Нұрлыбек Рахманов:

– ИК тобын өзгеше ойлайтын ерекше жастар деп ойлайтын едім.
Адам қанша жерден көкжиегі кеңейіп, «жаһанданып», «заманауи» болып кетсе де, бойында қастерлейтін қымбат нәрсесі, қасиеті, ата-бабасына құрметі қалуы керек. Тіпті титтей болса да.
Мұны «Өнер, жай көрініс» деп ақтауға келмейді. Дамыған елдер мен өзге қоғам тарихын, дәстүрін, ұлттық сипатын жоққа шығарып жатқан жоқ. Керісінше тарихын әспеттеп, оны киносына, өніміне, туризм көзіне айналдырып, бүкіл әлемге мойындатып, сыйлатып жатыр. Ал ана биші қыздардікі — өздерін өздері қорлау. Бейсана әрекет деуге келеді.
Естеріңізде болса, бес жыл бұрын Шырын деген жас қыз сәукелемен, ұлттық әшекеймен жалаңаш суретке түсіп, қазақ қоғамын дүр сілкіндірген. Ол провокациялық видеолармен танымал болғысы келгенін түсіндік. Кейін өзі тез танымал болу үшін, хайп үшін объектив алдында шешінгенін мойындады. Ал ИК тобындағылар ондай деңгейден баяғыда өткен, атағы Қазақстаннан асқан, тұлға боп қалған адамдар.
Сәукеле мен бүрмелі ұлттық көйлек киіп анайы қылық жасауы — ұлттық санаға, ділге, рухқа соққы. Өткенде сахнада Туды ужамдап артындағы адамға бере салып бір көрініп еді.
Біреулер үшін нормально нәрсе шығар, менің көңіл күйім түсіп кетті. Әсірелеп тұрған жоқпын, жағдайға шынайы көзбен қарағандағы жеке пікірім. Тап осы шоу жасайтын нәрсе емес! – деп жазды.