Басты бет » Жаңалықтар » ҚЫЗЫҚТЫ ТЕСТ: ҚАЙ ЖЕРДІ ТАҢДАЙСЫЗ?

ҚЫЗЫҚТЫ ТЕСТ: ҚАЙ ЖЕРДІ ТАҢДАЙСЫЗ?

Өміріңізде не жетіспейді? Бұл қызықты тест дәл қазіргі сәтте жаныңыз не қалайтынын анықтауға көмектеседі. Күнделікті көңіл күйіміз әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан әр кезде әртүрлі сурет таңдауыңыз мүмкін. Таңдауыңызға 8 сурет ұсынамыз, қай картинадағы жерде жүргіңіз келеді?

1. Бақтағы орындық

Сізге әңгімелесу, қарым-қатынас жетіспейді. Жай ғана бір-екі ауыз сөз емес, жан дүниеңді ақтаратын сырласу. Ескі досыңызға уақыт тауып, оның да сіз үшін бірер сағатын бөлуін сұраңыз. Таңға дейін ұйықтамасаңыз да ішкі дүниеңізді ақтарып, өткен мен бүгін, болашақ туралы ойларыңызды біреумен бөлісуіңіз керек.

2. Ормандағы соқпақ

Сізге түбегейлі өзгеріс болмағанмен, бір жаңару керек. Өмірдегі негізгі дүниелерге көңіліңіз толады. Дегенмен кей нәрселерді қазіргіден де жақсарту үшін аздап өзгеріс енгізу қажет. Мүмкін шаш қою үлгіңізді немесе киіну стиліңізді басқаша ету керек шығар? Әлде пәтердегі жиһаздарды жаңартып не орнын ауытырыңыз. Жаңа мамандық түрін игеріп көресіз бе?

3. Әдемі көріністе кофе…

Сезімдеріңізді жаңартып, өмірдің мәнін келтіру қажет. Ол бірте-бірте дәмі кетіп барады. Оған өзге елге не басқа қалаға бару көмектесе алады. Өзіңіз үшін әлдебір ерекше нәрселерді байқап көріңіз: биікке шығу, пейнтбол не парашюттен секіру. Бірақ тәуекелге барам деп ақымақтыққа жол беріп жүрмеңіз.

4. Таудағы үй

Сізге жай ғана тыныш өмір қажет. Өте шаршаңқы күйдесіз. Ең дұрысы – адам жоқ шалғай жерге кетіп қалыңыз. Пешке от жағып, егін өсіріп, сиыр сауыңыз. Кешкісін жасыл желек сыбдырына құлақ түріп, әбден демалыңыз. Жаңбыр тамшысының тырсылы, жапырақтар судыры жаныңызды тыныштандыра түседі. Мамыргүлдің (сирень) хош иісінен ләззат алып, құстардың шырылына оянғанға не жетсін?!

5. Көл

Сізге бәрінен бұрын бостандық қажет. Қазіргі өміріңізден тұншығып, демігіп жүрсіз. Бетіңізге самал жел ұрып тұрғанын елестетіп, басқа ештеңе ойламауға тырысыңыз. Орныңыздан қарғып тұрып, жүрегіңіз қай жерге шақырса, сол жаққа кетіп қалыңыз.

6. Жайлы аула

Сіз қарапайым өмірге зәрусіз. Көкке де көтерілмей-ақ, құзға да түспей-ақ, шектен де шықпай, жай ғана өмір сүргіңіз келеді. Бір нәрсені болса да ретімен келтіріп көріңіз. Қатып қалған режимді бір сәтке болса да тоқтатыңыз. Өз күніңізді жоспарлаңыз. Өзгермеуә тиіс нәрсе болса, ол – жаттығу, түскі ас уақыты және ұйқы алдындағы кешкі серуен. Басқаларын өзгертіңіз.

7. Шамшырақ

Сізге әлдебір арман, үміт керек. Бір нәрсеге жету үшін басқасын күту керек. Нақты мүмкіндіктерді іске асыруға арман көмектеседі. Тым үлкен де емес, тым қол жетпес те емес, ертең ақ орындалатын арман ойлаңыз. Сізге арман жолында ең қажеті – еңбек, тәжірибе, төзім және көнбістік.

8. Су жағасындағы терраса

Сізге ұзақ уақыттық демалыс керек. Ешқандай уайым-қайғы жоқ, күн көп түсетін жерге барыңыз. Күнге күйіп, шоколад болғанша қараюдың қажеті жоқ. Жай ғана күн сәулесіне шомылып, өміріңізді де жылуға толтырыңыз. Қайта оралғанда күш-қуатыңыз тасып, жұмысқа құлшынысыңыз артып келесіз.