«Көліктің алдына жүгіріп шығады». Бұл жайлы танымал психолог Анна Құдиярова желідегі парақшасында жазды.
Қостанай облысының Полиция департаменті бейнежазба астында жарияланған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
“Бейнежазбадағы жол-көлік оқиғасы 8 қазанда Рудный қаласында болған. «Daewoo Nexia» маркалы автокөліктің жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, кәмелетке толмаған жасөспірімді қағып кеткен. Осы оқиға бойынша полиция Қылмыстық кодекстің 345-бабының 1-бөлігі (Жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады», – деп жазды.