Басты бет » Жаңалықтар » Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі кейінге шегерілді

Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі кейінге шегерілді

Билік қазақ тілін қашан латынша әліпбиге көшіретінін анықтады. 

Тіл туралы жаңа тұжырымдама бекітілді, онда Үкімет мемлекеттік тілді меңгеретін қазақстандықтардың үлесін қатты азайтып тастап отыр.

Осы орайда Үкімет жыл аяқталып қалғанда, 2023–2029 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың тұжырымдамасын» зарықтырып барып, әзер мақұлдады.

Биылғы жылдың басында Тіл саясаты комитеті әзірлеп, жыл бойы көп талқылап, сарапшыларды мезі еткен тұжырымдама жобасы біраз өзгеріске түсіпті. Өкінішке қарай, ол өзгерістер қазақ тілінің пайдасына емес деуге болады.

Айтпақшы, қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі тым әріге, 2030 жылдан кейінгі заманға ысырылғаны белгілі болды.

 t.me/atamekenbusiness_qaz