Басты бет » Жаңалықтар » Ризабек әлемдік рейтингте көш бастады

Ризабек әлемдік рейтингте көш бастады

Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан әлемдік рейтингте көш бастады.

Біріккен күрес әлемі қауымдастығы әлем чемпионаты мен ХІХ жазғы Азия ойындарынан кейін әлемдік рейтингті жаңартты. Жаңартылған рейтингте еркін күрестен тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұхан 92 келі салмақ дәрежесінде бірінші орынға шықты.