Орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы германиялық Винченцо Гуальтиерді мерзімінен бұрын жеңді.
WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) кәсіпқой бокстағы екінші титулына ие болғанын хабарлайды newsroom.kz порталы tengrisport.kz сілтеме жасап. Германиялық Винченцо Гуальтиеримен (21-1-1, 7 КО) жекпе-жек өткізіп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Алғашқы раундтарда дәл соққылар саны бойынша басымдыққа ие болған қазақстандық алтыншы раундта Германиядан келген қарсыласын нокаутқа жіберді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Жәнібек Әлімханұлын жеңісімен құттықтады.
«Жәнібек қазақ бокс мектебінің жоғары деңгейі мен мықтылығын әлемге тағы да паш етті. Бұл жеңіс бокспен айналысатын жастарды биік белестерді бағындыруға ынталандырады. Сізге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін. Жеңістен жеңіске жете беріңіз!» — деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.