Басты бет » Жаңалықтар » Психологиялық тест: Өз мінезіңіздің «қаржылық» қырларын таныңыз!

Психологиялық тест: Өз мінезіңіздің «қаржылық» қырларын таныңыз!

Суретте көрсетілген есіктің бірін таңдай отырып, өз мінезіңіздің «қаржылық» қырларын танып, алдағы уақытта қаржылық тұрғыдан қалай әрекет ету керегін түсесіз. 

1-есік

Сіз ақшаңыздың белгілі бір сомасы банкте тұрмаса өзіңізді толыққанды адам ретінде сезіне алмайсыз. Ақшаға құндылық және жетістік символы ретінде қарайсыз. Иә, көп ақша табу үлкен мүмкіндіктер беретіні анық, алайда қаржылық жетістікке шамадан тыс көңіл бөлу біртіндеп табыстың төмендеуіне әкелуі мүмкін.

2-есік

Сіз көп ақша барлық мәселелеріңізді шешетініне сенімдісіз. Кейде өзіңізде бардан да көп қаржы жұмсайсыз. Сәйкесінше, қарыздарыңыз бар. Кімге, қанша қарыз екеніңізді және оны қалай қайтаратыныңызды жоспарлап көріңіз.

3-есік

Қорқыныш – сізді ақшамен байланыстыратын негізгі эмоция. Сіз тым көп ақша жұмсаймын деп мазасызданасыз және қандай да бір қаржылық тәуекелге барғыңыз келмейді. Бұл кейде қажет дүниелердің өзін сақтықпен сатып алуыңызға әкеліп соғады. Сізге қазіргі қаржылық жағдайыңызды толық түсініп, шығындарыңызды алдын ала жоспарлау керек.

4-есік

Мәселе ақшаға келгенде сіз аса сенімсіз болып кетесіз. Кез келген қаржылық ақпаратпен достарыңызбен, тіпті жұбайыңызбен онша бөліскіңіз келмейді. Бәлкім, ақшаны үйде сақтау банкте сақтаудан артық деп есептейсіз. Қаржыға байланысты осындай күдік пен сақтық қаражатыңызды тиімді пайдалануыңызға кедергі келтіруі мүмкін.