Басты бет » Жаңалықтар » 20 жастағы жігіт есірткі таратқаны үшін 10 жылға сотталды

20 жастағы жігіт есірткі таратқаны үшін 10 жылға сотталды

20 жастағы Петропавл қаласының тұрғыны синтетикалық есірткіні таратқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облыстық Полиция депортаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Петропавл қаласының 20 жастағы тұрғынын 2022 жылдың жазында ұстады. Ол көрсеткен орындарда әсері қатты синтетикалық есірткінің бірі мефедрон психотроптық зат салынған 4 түйіншек табылды.

Тергеу анықтағандай, ұсталған қыз интернет кеңістігіндегі есірткі дүкендерінің бірінде бірден екі аккаунтта тіркеліп белсенді жұмыс істеп келген. Материалдар ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа жіберілді.

– Синтетикалық есірткіні өткізу фактілерінің жолын кесу – полицияның басым міндеттерінің бірі, – дейді облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзиди.

Жыл басынан облыста есірткі өткізгені үшін 3 адам сотталды.