Басты бет » Жастар үні » Мисс Кәусар Димаштың ұлыбританиялық жанкүйерлеріне қазақ тілін үйретуде (видео)

Мисс Кәусар Димаштың ұлыбританиялық жанкүйерлеріне қазақ тілін үйретуде (видео)

Көпшілікке «Балапан» арнасындағы «Мисс Кәусар» бағдарламасы арқылы танымал Кәусар Ғалымжанқызы енді ағылшындарға қазақ тілін үйрете бастады.

Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігіне Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері жиналып, өте мазмұнды кеш өтті. Бұл туралы Кәусардың әкесі, белгілі журналист Ғалымжан Қараманұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

⠀– Фан клуб мүшелері Димаштың әндерін орындады. Ұлттық тағамдарымыздан дәм татты. Диерстар Қазақстанға қайырымдылыққа 1 млн теңге аударды. Бұл ақшаға Балалар ауылының тәрбиеленушілері музыкалық аспаптар сатып алады, – дейді Ғалымжан Қараманұлы.


Кәусар «Балапан» телеарнасында қазақ балаларына ағылшын тілін үйретіп жүр. Енді халықаралық деңгейге көтеріліп, ана тіліміздің насихаттай бастады.

Қазақтың ұлттық киімін киіп шыққан Кәусарды ұлыбританиялықтар ерекше қабылдады. Бірі «Өте сүйкімді қыз» десе, бірі «Қазақша сөйлегені керемет! Ағылшыншасы да тамаша!» деп жылы лебіздерін білдіріп жатыр.

Шара соңында Димаштың жанкүйерлері «Махаббат бер маған» әнін орындап, Кәусармен суретке түсті.

https://www.instagram.com/reel/Co1_w3dD_R9/?utm_source=ig_web_copy_link