Басты бет » Жаңалықтар » 3000-нан аса студент Tech Orda бағдарламасымен IT-мамандықтарда оқуда

3000-нан аса студент Tech Orda бағдарламасымен IT-мамандықтарда оқуда

Tech Orda бағдарламасы аясында 3 мыңнан астам қазақстандық студент IT-мамандықтар бойынша білім ала бастады. Олар қазіргі уақытта 49 жекеменшік IT-мектептерде оқуда. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин әлеуметтік желіде жазды.
Оқыту ұзақтығы 6 айдан 2 жылға дейін созылады. Бұл бағдарлама бойынша ІТ-мамандардың бірінші легі 2023 жылдың ортасына қарай дайын болады.
Осылайша, біз 2025 жылға қарай 100 мың IT-маман даярлайтын боламыз. Оның 20 мыңы — Tech Orda бағдарламасы бойынша жүзеге асады.
Мемлекет басшысы «Цифрландыру, ғылым және инновация есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы аясында IT-мамандарды дайындау міндетін жүктеген болатын.
Tech Orda бағдарламасы Astana Hub айналысатын барлық басым секторларды қамтиды — веб-әзірлеу, 3D-дизайн, бағдарламалық және аппараттық құралдар жасау, мобильді қосымшалар әзірлеу, Big Data, Blockchain және т.б. Оқыту қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.
Ел аймақтарында IT-білім беруді қолдауға ерекше назар аударылғанын атап өтемін. Өңірлерде 17 IT-мектеп (бұл IT мектептердің 35%-ын құрайды) ашылды. Мектептер Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Семей, Орал, Шымкент қалаларында орналасқан.
Биылғы жылы IT мектептерге оқуға ниет білдірген студенттерден 16 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Нәтижесінде 3 068 студент IT саласында кәсіби дамуы үшін білім алуды бастады.
Tech Orda бағдарламасының екінші легі келесі жылы басталатынын тағы бір рет еске салғым келеді.