Қазақстанда жастарды баспанамен қамту мәселесінде жақсы бағдарламалар қолға алынып, қолданысқа енді. Бүгінде жастар сол игілікті істің нәтижесін көруде. Ал енді елімізде жастарға арналған қандай тұрғын үй бағдарламалары бар дегенге келсек, «Аймақтық ипотека», «Отау», «Жас отбасы», Жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үйлер сынды бірнеше бағдарлама жұмыс істеп тұр. Сол бағдарламалардың талаптары мен шарттарына тоқталып өтейік.
Аймақтық ипотека
Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын талаптар:
>Жасы-өтініш берген кезде 35 жасқа дейін;
>Соңғы орында жұмыс өтілі – 1 жылдан кем емес;
>Соңғы 5 жылда отбасының әрбір мүшесі жылжымайтын мүлікке ие болмауы керек;
>ең төменгі бастапқы жарна сомасы 10% құрайды;
>несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 5%-дан 6-ға дейін болады;
>несие мерзімі 19 жылдан 25 жылға дейін.
Аймақтық ипотека келесі облыстар мен қалаларда жұмыс істейді:
БҚО, Ақтөбе қаласы, Атырау қаласы, Қостанай қаласы, Астана қаласы, Ұлытау облысы, Жамбыл облысы, Шымкент қаласы, Алматы қаласы, Қарағанды қаласы, Қостанай қаласы, Абай облысы, Жамбыл облысы.
«Отау»
«Отау» қатысушыларға қойылатын талаптар:
>Жасы 18 ден асқан қазақстандықтар өтініш бере алады
>Несие мерзімі 19 жылға дейін
>Несие сомасы 18 миллион теңгеден бастап 30 миллион теңгеге дейін
>Бағдарламаға отбасы банкінің қолданыстағы салымшысы ғана қатыса алады
>Бастапқы жарна 20%-дан бастап
«Жас отбасы»
>Жас жұбайлар үшін қолжетімді ипотекалық бағдарлама;
>Жас шектеулері жоқ, бірақ ерлі-зайыптылар ресми некеде бес жылдан аспауы керек;
>6% мөлшерлемесі бар несие беріледі;
>Кредиттік өтінім беру кезінде тұрғын үй сатып алу сомасының 50%-ын жинақтау немесе дипозитке салу қажет.
Жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үйлер
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
>Жасы 35-ке дейінгі қазақстандықтар өтініш бере алады.
>Қатысушылардың 170 АЕК (627 640 теңге) мөлшерінде тұрғын үй депозиті болуы тиіс.
>соңғы 5 жыл ішінде баспанасы болмауы керек.
>Бағдарламаға отбасы банкінің қолданыстағы салымшысы ғана қатыса алады.
>Бастапқы жарна 20%-дан бастап.