Қазақстан тарихындағы пара дзюдодан әйелдер арасында тұңғыш Паралимпиада чемпионы атанған Ақмарал Науатбектің аяулы жар, ибалы келін екені белгілі болды, бұл туралы Jastar janary порталы хабарлайды, Jambylinfo.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.Ақмарал Науатбек – дзюдодан Қазақстан чемпионы, Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарының чемпионы Мәди Амангелдінің жары. Жастарды спорт таныстырып, табыстырған. Дзюдошылар 2022 жылы отау құрған. Мәди Амангелді мен Ақмарал Науатбек Астана қаласында тұрады. Спортшылар әр жарыста бір-бірін қолдап, жанкүйер болады. Мәди Амангелді жары Париж төрінде белдескенде қасында болған. Ғашықтар әлеуметтік желідегі парақшаларына махаббат қаласы Парижден суреттер жүктеді. Айта кетейік, Ақмарал Науатбек Жамбыл облысы, Жуалы ауданында 1999 жылы өмірге келген.