Басты бет » Жаңалықтар » Паралимпиада: Қазақстан қоржынында 9 медаль

Паралимпиада: Қазақстан қоржынында 9 медаль

Қазақстан спортшылары Паралимпиада ойындарын жақсы нәтижемен аяқтады. Отандастарымыз 9 медаль еншіледі. Париж төрінде екі мәрте әнұранымыз әуелеп, көк туымыз желбіреді. Үш күміс, төрт қола қоржында. Құтты болсын!


Алтын жүлде:  Давид Дягтерев (пауэрлифтинг); Ақмарал Науатбек (дзюдо).

Күміс жүлдені Еркін Ғаббасов (нысана көздеу); Нұрдәулет Жұмағали (жүзу); Ерғали Шамей (дзюдо) еншіледі.

Ал Дастан Мұқашбеков (ядро лақтыру); Даяна Федосова (дзюдо); Зарина Раифова (дзюдо); Жұрқамырза Шүкірбеков (дзюдо) қола медальға қол жеткізді.