Белгиялық отбасы асырап алған Мұрат Савельев (Жәнібек) Қазақстанның көркем табиғатында атқа мініп нағыз көшпенділер сияқты жүрісі келетіндігін әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
«Менің қымбатты достарым!
Анам қайтыс болғанда, қолдауларыңыздан жылу сездім, менің ешқашан жалғыз қалмайтынымды тағы бір рет дәлелдедіңіздер.
Жылы сөздеріңіз бен әдемі тілектеріңізді маған күш берді, рақмет«, – дейді Жәнібек.
Ол жақын арада Қазақстанға келуге үміттенетінін және барша өзін қолдаушылармен жүздесіп, әңгімелесуге ниетті екенін айтты.
«Қазіргі уақытта мен табиғат пен теңізден ләззат алып жүрмін және сіздердің де осында келіп, менімен бірге саяхаттағандарыңызды қалаймын.
Табиғат пен теңіз – бұл екеуі жанға рахат сыйлайтын екі керемет«, – деп жазды ол.