Басты бет » Жаңалықтар » Актер Нұрсұлтан Жақсыген екінші рет шаңырақ көтермекші

Актер Нұрсұлтан Жақсыген екінші рет шаңырақ көтермекші

Жақында бірінші жарынан ажырасқан актер Нұрсұлтан Жақсыген әлеуметтік желідегі парақшасында алдағы уақытта жаңалық болатыны жайлы хабардар етті.

«Алланың қалауымен жүректер тыныштық табатын мекенге қайта келдім. Жаңбыр жауғанда дұғалар сөзсіз қабыл болады дейді. Жүрегімдегі барлық нәрсені айтып, ерекше сезімде болдым. Түрлі сынақ келсе де мойымайтын мінез, жалғызсырамайтын жүрек бергеніне шүкір дейін. Дұғамды айтып жатқанда шынайы бақытты сезіндім, жүрекпен қабылдаған шешімнің барлығы Алланың қалауы екеніне көзім жетті. Кейде бізге ұнамайтын нәрселерге сабыр етсек, артында үлкен сый жататынын осында ұғындым«, – деп жазды Нұрсұлтан Жақсыген.