Қазақстанда студенттерге жоғары білім алу үшін он жылға дейін пайызсыз несие берілетін болады.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, қазір екінші деңгейлі банктермен жұмыс істеу механизмін қарастырылып жатыр.
– Біріншіден, сараланған, яғни дифференциалды грант иегері болуы керек. Сондай-ақ тұрақты табыс көзі бар, кемінде еңбекке қабілетті азаматына кепілдік берген үміткерге беріледі. Бұл шарт жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балалар санатына жататын қарыз алушыларға қолданылмайды. Үшіншіден, екінші деңгейлі білім беру депозиті, яғни «Ақыл» депозиті болуға тиіс», – деді ғылым және жоғары білім министрлігі «Қаржы орталығы» АҚ маманы Диана Саметова.