Басты бет » Жаңалықтар » Вальстің королі Шәмші Қалдаяқов

Вальстің королі Шәмші Қалдаяқов

Бүгін 1930 жылдың 15 тамызында Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылында ата-анасының ұзақ күткен перзенті Шәмші Қалдаяқовтың дүниеге келген күні. Шәмшінің әкесі ұл туса Жәмшид патшаның атын қоямын деп жүрген кезінде түс көрген. Түсінде ұлының көлде аққу құс болып жүзіп жүргенін көрген. Мұны Шәмшінің әкесі жақсылыққа жорыған.  Ай күні жетіп босанғаннан кейін есімін Жәмшид қояды. Анасының бесік жырын тыңдамаса ұйықтай алмайтын болған. Анасы әлдилетіп Естайдың “Қорланын” айтып беретін болғаннан кейін бе, оның өмір бойы сүйікті әні Қорлан болып кетеді. Бар ғұмырын ән әлеміне арнаған композитордың биыл 94 жылдығы.

Шәмші Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр», «Ақ сұңқарым», «Қара көз» және т.б. 55 лирикалық шығарманың авторы. Оның 1956 жылы жазған «Менің Қазақстаным» әні 2006 жылдан бастап Қазақстан Республикасының жаңа әнұранына айналған еді.

Шәмші Қалдаяқов  бірден өнер жолына түскен жоқ. Ең алдымен Қапланбектегі зооветтехникумды бітірсе, кейін Сахалиндегі әскери училищені, елге келген соң Ташкент қаласындағы Хамза Ниязи атындағы музыка училищесін, содан соң Қазақтың Құрманғазы атындағы консерваториясының композиторлар дайындайтын факультетінде оқыған. Әлдебір себептермен Шәмші диплом ала алмай қалғандықтан өмірінің соңына дейін әуесқой сазгерлер қатарында жүрген.

«Менің Қазақстаным» әнін алпысыншы жылдардың басында жаздым. Қазақ жері өлке болып бөлініп жатқан. Бір жағы сол саясатты қолдамағаным шығар деймін. Сол кезде отыздар шамасында едім. «Менің Қазақстанымды неге бөлесіңдер?» — деген мағынада шығарғам. Бұл менің отансүйгіштік әндерімнің ең алғашқысы. Астын сызып жазған әндерімнің бірі еді. Оны Жамал Омароваға үйретіп едім, тез үйреніп күнде радиодан айтып тұратын болды.

 

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы

Думанды бастады,

Далама қарашы!

 

Кең екен жер деген,

Жерге гүл шықты ғой.

Дән егіп терлеген,

Қазағым мықты ғой!

 

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,

Жырың болып төгілемін,

Гүлің болып егілемін, елім!

Туған жерім менің — Қазақстаным!

 

Айналап қарасам —

Ғашықты жүрегім

Заманға жарассам —

Жарасып тұр елім.

 

Біздің ел — ордынды,

Көтерді туларды,

Желмен ол тербелді,

Термеде жырладым.

 

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,

Жырың болып төгілемін,

Гүлің болып егілемін, елім!

Туған жерім менің — Қазақстаным!

 

Сағымды далам бар,

Сабырлы көлім бар.

Қараңдар, жараңдар,

Осындай елім бар.

 

Қарсы алған уақытты,

Ежелгі досындай.

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай.

 

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,

Жырың болып төгілемін,

Гүлің болып егілемін, елім!

Туған жерім менің — Қазақстаным!

                                                                                  adebiportal.kz