Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі соңғы уақытта қай салада жұмысшыларға сұраныс жоғары екендігі жайлы деректермен бөлісті, деп хабарлайды Jastar janary порталы dauletten.kz сайтына сілтеме жасап.
Шілде айында ең көп сұранысқа ие болған маманлықтар тізімі:
- Медбикелер (2 мың түйіндеме және 1,6 мың бос орын)
- Тәрбиешілер (2,1 мың мың түйіндеме және 1,9 мың бос орын)
- Автокөлік жүргізушілері (2 мың бос жұмыс орны және 2,3 мың түйіндеме)
Бір ай ішінде сұранысқа ие болған мамандықтар:
- Тігінші– 600 мың бос орын
- Математика мұғалімі– 320 мың бос орын
- Тәрбиешінің көмекшісі–300 мың бос орын
Шілде де жұмыс берушілер ең жоғары жалақыны бас құрылысшыларға берген. Олар орта есеппен айына 731 мың теңгеден алды, ал бас агрономдарға 576 мың теңге және актуарийлерге 532 мың теңгеден бастап ақы ұсынды.
Кеме капитанына орта есеппен 1,7 миллион теңгеден, МРТ дәрігеріне 1 миллион теңге және коммерциялық кәсіпорындардың IT бөлімшелерінің басшылары 992 мың теңге жалақы күткен.
«Негізі бос жұмыс орындарының жартысы, яғни 51,9 мың орын білім, денсаулық сақтау және басқа да қызмет түрлері салаларындағы кәсіпорындарда байқалды. Өткен аймен салыстырғанда орташа білікті жұмысшыларға сұраныс 14% өсті, 6,1 мың бос жұмыс орны пайда болды» делінген еңбек министрлігінің хабарламасында.