Басты бет » Жаңалықтар » «Ғылым таппай мақтанба»: ұлттық жастар онкүндігінің төртінші күні білім мен ғылымға арналды

«Ғылым таппай мақтанба»: ұлттық жастар онкүндігінің төртінші күні білім мен ғылымға арналды

Қазақстанда жастар күніне арналған ұлттық онкүндік жалғасуда. Төртінші күн білімге, ғылымға және интеллектуалды дамуға арналды.

Барлық өңірлерде жастардың оқуға және өзін-өзі дамытуға деген қызығушылығын арттыру үшін іс-шаралар ұйымдастырылды: зияткерлік конкурстар, кітап көрмелері. Сондай-ақ белгілі ғылым және білім қайраткерлерімен кездесулер өтті.

❇️Жалпы акция аясында 6000-нан астам жас қазақстандықтар қамтылды.

7 тамыз – ұлттық онкүндіктің бесінші күні. Бүгін «Мейірімділік мекені» акциясы аясында қазақстандық жастарды қайырымдылық және волонтерлік мәдениетке деген қызығушылықтарын арттыруда.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі