Басты бет » Жаңалықтар » ӘКІМДІКТЕР ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ 2,5 МЫҢҒА ЖУЫҚ ГРАНТ БӨЛДІ

ӘКІМДІКТЕР ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ 2,5 МЫҢҒА ЖУЫҚ ГРАНТ БӨЛДІ

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

2024-2025 оқу жылына жергілікті атқарушы органдардан конкурстық негізде мемлекеттік білім беру грантына өтініштерді қабылдау басталды. Әкімдіктер жыл сайын басым мамандықтар бойынша нысаналы даярлыққа гранттар бөледі.

Биыл жергілікті атқарушы органдар 2 475 білім беру гранттарын бөлді.

Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясына өтініш беру қажет. Сондай-ақ ЖОО-ға білімі туралы құжат, ҰБТ сертификатын, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жеңілдік санатын растайтын құжаттарды (бар болған жағдайда) тапсырады.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі туралы ақпаратты әкімдіктерден, сондай-ақ жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларынан алуға болады. Грант беру туралы шешімді әкімдік жанынан құрылған арнайы комиссия қабылдайды. Жоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамызда аяқталады.

Múmkindik | 2024: Оқу грантын жеңбей қалған талапкерлердің назарына!

 

Әкімдіктер 2,5 мың грант бөлді.

Freedom Bank ұсынған 400 грант

Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетіне Түркия Республикасы тарапынан 500 грант бөлінді

Тәшенов университеті 150 грант бөлді

«Қазақстан халқына» қоры 850 грант бөлді

Халықаралық туризм және меймандостық университеті 800 атаулы грант бөлді

Торайғыров университеті ішкі 100 грант бөледі

Сонымен қатар жоғары оқу орындарында атаулы, ректор, ішкі гранттары да болады. Толығырақ жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясынан біле аласыздар.