Басты бет » Жаңалықтар » 14 жастағы қыз Парижде Олимпиада чемпионы атанды

14 жастағы қыз Парижде Олимпиада чемпионы атанды

Осылайша, Жапония командалық есепте бірінші орынға шықты, деп жазады Jastar janary порталы 1bol.kz сайтына сілтеме жасап.

14 жастағы қыз Парижде Олимпиада чемпионы атанды
Фото: JULIAN FINNEY/GETTY IMAGES
Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында ерекше нәтиже тіркелді.

Скейтбордшылар арасында жеңіс тұғырына үш бірдей жасөспірім спортшы көтерілді. Ал араларында 14 жастағы жапон Коко Есидзава жеңімпаз атанды.

ХОК мәліметінше, жапон қызы 272,75 ұпаймен стрит бағдарламасында топ жарды. Олимпиада ойындарының күміс жүлдесі Коконың отандасы Лиз Акамаға бұйырды (265,95). Акаманың жасы 15-те.

Үздік үштікті 16 жастағы бразилиялық скейтбордшы Райсса Лил түйіндеді (253,37).


ФОТО: CHRISTIAN BRUNA | SCANPIX

Есидзаваның арқасында Жапония құрамасы медальдық есепте 1-орынға шығып отыр. Әзірге «күншығыс елінің» қоржынында 7 жүлде бар: 4 алтын, 2 күміс және 1 қола.

Алғашқы үштікке Аустралия (6 медаль) мен АҚШ (12 медаль) енген.