Басты бет » Жастар үні » Жол апатынан көз жұмған 18 жастағы жігіттің ағзасы төрт адамның өмірін құтқарды

Жол апатынан көз жұмған 18 жастағы жігіттің ағзасы төрт адамның өмірін құтқарды

Донорлық ағзаларды ұзақ уақыт күткен төрт пациентке мамандар трансплантация бойынша сәтті операциялар жасады. Оның туыстары ағзаларды алуға келісім берген, деп жазады Jastar janary порталы Sputnik сайтына сілтеме жасап.
«Донор жол апатынан алған жарпаөаттарынан көз жұмған 18 жастағы жігіт болды. Оның туыстары ағзаларды алуға келісім берді», – дейді министрлік.
Көп ағзалық алу барысында бауыр, жүрек және екі бүйрек алынды.
«Сонымен, Шымкент қаласының жүрек орталығында 1966 жылы туған пациент жаңа жүрекке ие болды. А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында 1966 жылы туған пациентке бауыр трансплантацияланды. Түркістан облысының облыстық клиникалық ауруханасында 1984 жылы туған пациентке бүйрек ауыстырылды. University Medical Center клиникасында 2008 жылы туған балаға екінші бүйрек трансплантацияланды», — делінген хабарламада.
Бұған дейін, 2024 жылғы 17 шілдеде Қазақстанда сәтті трансплантациялау жүргізілген болатын. University Medical Center клиникаларында 1980 жылы туған әйелге жүрек, 1967 жылы туған әйелге өкпе және 2009 жылы туған балаға бүйрек трансплантацияланды.
«ҰҒОО» ЖШС-да 1971 жылы туған ер адамға бауыр және 1981 жылы туған әйелге бүйрек ауыстырылды.
Министрліктің мәліметінше, 2023 жылы Қазақстанда қайтыс болғаннан кейін 7 донор тіркелді, бұл 19 ағзаны трансплантаттауға мүмкіндік берді. 2024 жылдың басынан бері қайтыс болғаннан кейінгі донорлардың саны 5-еу болды, бұл 19 ағзаны трансплантациялауға мүмкіндік берді.