Арсений Минин Heriot-Watt университетінің Ақтөбедегі кампусына ақылы бөлімге құжаттарын тапсырды. Болашақ студент Ресей азаматы болғанымен Қазақстанда жоғары білім алуды ұйғарған. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
– Шотландиялық оқу орнының Ақтөбедегі кампусы туралы әкемнен білдім. Ол интернет желісінен Жұбанов университеті базасында Heriot-Watt University филиалы ашылғаны туралы мақала оқыған. Осы уақытқа дейін басқа жоғары оқу орнына тапсырамын деп жоспарлаған едім, десе де дәл осы университетте оқығым келетінін түсіндім. Heriot-Watt – менің келешегіме, Қазақстандағы және шетелдегі болашақ мансабыма жол ашатынына сенімім мол. Әсіресе, оқу бітірген соң қазақстандық және британдық үлгідегі қос диплом берілетіні ұнады. Бұл әлемнің кез келген жерінде сұранысқа ие болуға мүмкіндік береді, – дейді Арсений.
Арсений Минин ақпан айында Heriot-Watt университетінің тестілеу емтиханына қатысқан