Басты бет » Жаңалықтар »  Көпбалалы отбасы балалары квотамен грантқа түсе алады

 Көпбалалы отбасы балалары квотамен грантқа түсе алады

2024 жылы елімізде кәмелет жасына толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасыларға жалпы мамандыққа бөлінген гранттың ішінен 5%-ын квота ретінде осы санаттағы балаларға береді.

Одан бөлек, осы жылы «Педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша 13 735 грант бөлініп отыр. Соның ішінде 687 грант немесе 5%-ы көпбалалы отбасынан шыққан балаларға арналған.

Осы санат бойынша қатысқысы келетін көпбалалы отбасындағы оқушының жасы 18-ге толмаған болуы керек. Көпбалалы отбасыда кәмелет жасына толмаған төрт бала, оның ішінде 23 жасқа толмағаны тек күндізгі бөлімде оқитын жоғары оқу орнының немесе колледж студенті болуы маңызды.

Оқуға түсуші талапкерлер толықтай өзіне қажетті сұрақтарын оқу орнының қабылдау комиссия арқылы біле алады.

Сондай-ақ алғаш рет ішнара оқу ақысы бар сараланған гранттар енгізілді. 

«Педагогикалық ғылымдар» және «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» бағыттары бойынша 150 сараланған грант бөлінген. Сондай-ақ, «Серпін» бағдарламасы арқылы түсушілерге 3 903 грант бөлінген, оның ішінде, 2024 жылы алғаш рет колледж түлектері үшін 400 астам грант қарастырылды.

«Серпін» жобасы арқылы 4 даярлау бағыты бойынша білім алуға болады. Атап айтсақ, педагогикалық ғылымдар, инженерлік-техникалық, ақпараттық технологиялар, ауылшаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түсе алады. Бағдарламаға оңтүстік өңірдегі ауыл жастары қатысады. Оқу бітірген соң грант өтеу мерзімі 3 жылдан 2 жылға қысқартылып, өтеу орны 11 аймаққа кеңейтілді», – деді ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрайымы.

Сонымен бірге Гүлзат Көбенованың сөзінше өңірлік ЖОО-ларды қолдау көрсетіледі, педагогикалық, ауыл шаруашылық және инженерлік мамандықтар бойынша мақсатты гранттар бөлініп отыр.

 Перизат САПАРОВА